ОҚО-да тағы да су тасқыны қайталануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да тағы да су тасқыны қайталануы мүмкін

ОҚО-да тағы да су тасқыны қайталануы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда тағы да су тасқыны қайталануы мүмкін. Қатқан қалың мұздан өзендердегі су деңгейі көтеріліп кеткен. Құтқару қызметі қауіпті әсіресе Сырдария өзенінен күтіп отыр.

  • 12 Қаңтар 2013
  • 452
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дарияның арнасынан шығып кету қаупі бар аумақтарын аралап, су таси қалған жағдайда төнетін қауіптің күшін барлап шықты. Қазір Сырдың күнгейден ағар арнасының 300 шақырымына қалың мұз қатқан. Көксарай су қоймасы мен оған құяр сағалар да мұз құрсауында қалып тұр. Сондықтан күн күрт жылынатын болса жылда күнгейді бір дүрліктіріп өтетін апат қайталануы ықтимал.


Уәлихан Ережепов, ОҚО бойынша ТЖД бастығы:

— Әлі де жаңбыр болуы мүмкін, қар жаууы мүмкін, температура өте төмен болуы мүмкін. -30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан бұл қауіп әлі де сейілген жоқ, менің ойымша. Әсіресе мұз жүрген кезде кей жерлерде мұз кептеліп су көтеріліп, сондай жағдай болуы мүмкін.