ОҚО-да той үстінде аспанға атылған оқтан 2 адам қайтыс болып, үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да той үстінде аспанға атылған оқтан 2 адам қайтыс болып, үшеуі жараланды

ОҚО-да той үстінде аспанға атылған оқтан 2 адам қайтыс болып, үшеуі жараланды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Манкент ауылында да сұмдық жағдай! Той үстінде аспанға атылған оқтан 2 адам қайтыс болып, үшеуі жараланды. Олардың екеуі бүлдіршіндер. Ал қаза тапқандар бір үйдің қос келіні екен. Осы қырғынды жасаған 19 жастағы жігітті енді өлген келіншектердің туыстары барынша қатал жазаға тартылсын деп отыр.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 517
Фото - Caravan.kz

Жұма күнгі үйлену тойы Манкенттіктер үшін үлкен қайғымен аяқталды. Мына видеода жастар отырған картеж келінді алып, күйеу жігіттің үйіне келе жатыр. Оқтын-оқтын тоқтаған кезде жолдас жігіттердің бірі қолындағы мылтықпен аспанға оқ атқанына мәз.

Дәл үйдің алдына келіп тоқтаған сәтте үйленіп жатқан жігіттің 19 жастағы досы көлігінен мылтық алып шығып жатқанда шүріппесі кездейсоқ басылып кетіпті. Қаңғыған оқ қонақтарға тиген.

Кездейсоқ атылған оқ жол жиегінде тұрған 5 адамға тиіпті. Соның екеуі бүлдіршін. Көршілері содан соң жедел-жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер бірден келе қоймапты. Жарты сағат күткен соң көрші-қолаң қансырап жатқан 5-ді ауруханаға өздері жөнелткен. Ал, оқиға орнында қан іздері әлі жатыр.

Көршісінің улап-шулап келген тойын көру үшін көшеге балаларымен шыққан бір үйдің екі келіні Дильфуза мен Ділрабаға тиген оқ екеуінің де өмірін қиды. 23 және 24 жастағы екеуінің жетектеп жүрген екі және үш жасар балалары жараланды. Біреуінің беті бері қараса, екіншісі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Әлмет Парманов, Сайрам аудандық орталық ауруханасының дәрігер-травматологы:

— Бүлдіршін 2013 жылғы, жалпы жағдайы ауыр. Науқаста ашық ми жарақаты атылған. Нейрохирургтер тарапынан трепанация отасы істелініп, бас миына енген оқ алынып тасталынды. Мойын аймағындағы жарақаттарына байланысты кеңірдек пен қызылөңештің жарақатынан ем алып жатыр.

Тойда атылған оқ қос бүлдіршін мен олардың аналарынан өзге 21 жасар жігіттің де басына тиген. Науқастың бір көзі ағып, қазір облыстық ауруханада жатыр. Ал мерт болған келіндердің отбасы болса қырғын жасаған жігіт барынша қатаң жазаға тартылсын дейді.


Тұрдынияз Ахметов, марқұм Ділраба Ергешалиеваның атасы:

По закону, Қазақстанның приказы, указы қандай болса сонымен наказать етуін сұраймыз. – Барынша қатал дейсіз ғой? – Ия. Заңмен. Ертең босатады  ақшамен. Онан кейін басқа адамға не істейді. Одан да жаман істейді. Бір емес, бір үйдің 7 баласы жетім қалды.

Ал, қырғын салған жігіт сол күні полицейлерге өзі келіпті. Жұртты жаралаған мылтығы да заңсыз болып шықты. Қазір оған қатысты 3 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрсұлтан Жамбаев, ОҚО ІІД аға инспекторы:

— Өз түсінігінде тойда серуендеп келгеннен кейін азаматтардың көңілін көтеремін деп, аспанға сол ойменен атпақ болдым дейді. Сол уақытта байқалмастан басылып кетіп, топта тұрған азаматтарға тиген.

Қос келінді жер қойнына тапсырған Шералиевтер әулеті болса енді ауруханада жатқан қос немересінің амандығын тілеп отыр. Жетім қалған 7 баланың ең кішкентайына тіпті 2 ай да толмапты.  

Соңғы жаңалықтар