ОҚО-да Түркістан «әкімі болмақ» болған алаяқ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да Түркістан «әкімі болмақ» болған алаяқ ұсталды

ОҚО-да Түркістан «әкімі болмақ» болған алаяқ ұсталды

ОҚО-да Түркістан әкімі болмақ болған адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. 

  • 24 Сәуiр 2015
  • 641
Фото - Caravan.kz


Облыстық сот баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, Әл-Фараби аудандық соты алаяқтық жасады деген күдікпен Н.Адырбековты тұтқынға алу санкциясын берді.
«Санкция ҚР ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін 2 айға берілді, күдікті ақпанда Алматыдан келіп, жәбірленуші Н.Досымбетовпен танысып, оның ұлын жергілікті әкімдікке орналастыруға уәде берген», — деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінен.
Іс материалдарына сүйенсек, күдікті Түркістан әкімі болып тағайындалуы санаулы күнде шешілетінін айтқан. Зардап шегушіге әкім болып сайланысымен, оның ЖОО бітірген ұлын жұмысқа алуға уәде берген. Қаскүнем қызметі үшін 5 мың доллар, кейіннен тағы 10 мың доллар алған.
Кейіннен алаяқ бұл сома жеткіліксіз деп, Алматыда оқитын студенттен тағы 300 мың теңге алған. Сөйтіп Досымбетовтер отбасына жалпы 3 млн теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу ам