Жарияланды: 410

ОҚО-да ұрылар құрықталды

Түркістанда полицейлер бірнеше рет пәтер ұрлықтарын жасаған 3 жас жігітті қолға түсірді.

Өткен жылдың желтоқсан айының басында Түркістан ІІБ-нің кезекшілік бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның үйіне ұрлықшылар түскен. Белгісіз біреулер кірер есікті сындырып, пәтерден теледидар, шағын пеш және басқа да тұрмыстық техниканы ұрлаған. Түркістан ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 4 күдікті ұсталды. Олар - 18-19 жастардағы жас жігіттер. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас 10 қылмысқа қатысы бар екендігін анықтады. Зардап шеккендерге келтірілген жалпы шығын 1 млн.-нан астам теңгені құрады. Полицейлер заттық айғақ ретінде ұрланған заттардың басым денін заңды иелеріне қайтарды. ҚР ҚК-нің 175 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін