Жарияланды: 500

ОҚО-да жаңадан 86 өнеркәсіптік кәсіпорын ашу жоспарланып отыр

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан 86 өнеркәсіптік кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.

ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 63 жобаны жүзеге асыру көзделген, солайша жаңадан 4 651 жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ индустрияландыру бағдарламасының аясында Шымкентте Индустрияландыру аймағы құрылған. ОҚО әкімдігінің қолдауымен аймақ аумағында болашағы зор өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылуда. «Қазіргі таңда жалпы құны 9 млн. теңге болатын 23 жоба мақұлданды. Жобалар жүзеге асырылған соң 1 655 адам жұмыспен қамтылады», - деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін