ОҚО-да жүйесіз есеп кесірінен жекеменшік балабақшалар берешекке батуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да жүйесіз есеп кесірінен жекеменшік балабақшалар берешекке батуда

ОҚО-да жүйесіз есеп кесірінен жекеменшік балабақшалар берешекке батуда

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы жекеменшік балабақшалар жүйесіз есептің кесірінен берешекке батып отыр. 60-тан астам мектепке дейінгі мекемеге аудандық білім бөліміндегілер қаржыны қалай болса солай үлестіріп келген. Осының кесірінен 53 миллион теңгенің артық шығындалғаны анықталыпты. Ал аудандағы прокуратура мен қаржы полицейлері бұл іс бойынша бірде-бір қылмыстық іс қозғамаған.

  • 16 Қараша 2013
  • 780
Фото - Caravan.kz

Мынау Сарыағаш ауданындағы «Балнұрым» балабақшасы. Қазір мұнда 150 бала тәрбиеленуде. Кәсіпкер Әбдірахым Шаншаров бұл мекемені қарызданып жүріп әрең ашқан екен. Ал барлығы дайын болғанда аудандық білім бөлімінен шатақ шыққан.

Әбдірахым Шаншаров, Балабақша құрылтайшысы:

— Шілде айынан бастап мені қаржыландырды. Бір айда-12 мың 356 теңге алдым. Одан кейін тамыз айында үкіметтен 18376 теңге берілуі керек екен әр балаға. Онда да бізге берілмеді, ешкімге айтпады.

Ал, сол 66 бала-бақшаға білім бөлімінің қандай оймен ақша бөліп келгені түсініксіз. Құжаттарға қарасаң, кей балабақшадағы әр балаға 62 мыңнан аударылса, өзгесіне тек 5 мыңнан ғана бөлініпті. Кімге қанша беретінін білім бөлімінің бас есепшісі өзі шешкен. Тек, шілдеден бастап қана аудан әкімі әр бүлдіршінге 18 мыңнан берілуі керек деген қаулы шығарған. Ал, бас есепші болса білім бөлімінде ешқашан былық болған жоқ, бұл өшіккен кәсіпкерлердің ісі дейді. 

Гүлжахан Айтымбетова, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бас есепшісі:

— Ешқандай қарызымыз жоқ. Оның барлық талап етіп жатқаны, мен балабақша салған кезде Ритц Максимумнен несие алғам дейді. Сол 14 миллионды төлемесеңдер мен сендерге тыныштық бермеймін дейді. Мен сені жұмыстан кетіремін дейді.

Кәсіпкерлерден шағым түсе берген соң аудан әкімі арнайы жұмыс тобын құрып, білім бөлімінің құжаттарын тексерген. Нәтижесінде, бала-бақшалардың қажетіне бірнеше миллионның артық жұмсалғанын анықтапты.


Ақментай Есбаев, Сарыағаш аудандық қаржы бөлімінің бастығы:

— Аудан әкімі қызметкерлері және ведостволық бағынышты мекемелер қызметкерлері арасында құрылған жұмысшы топ наурыз айында білім бөліміне толық құжаттарын алып талдау жұмыстарын жүргізген. Сол анықтамаға сәйкес бала-бақшаларда 53 миллион теңгенің артық есептелгені көрсетілген.

Әкімдік бюджеттің бүйірін тескен 53 миллион теңге туралы анықтаманы прокуратура мен қаржы полицейлеріне өткізген. Олар өз кезегінде бұл құжатты қаржы бақылау инспекциясына жіберіп, соңында миллиондар мүлде сұраусыз кетіпті. Яғни, ешқандай іс қозғалмаған. Ал, қарызға батып, құзырлы мекемелерден қайыр көрмеген кәсіпкерлер енді арызын арқалап Астанаға аттанбақ.