ОҚО-да жүрек ауруынан қаза табатындар саны 20,8 пайызға азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да жүрек ауруынан қаза табатындар саны 20,8 пайызға азайды

ОҚО-да жүрек ауруынан қаза табатындар саны 20,8 пайызға азайды

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы жүрек-қан тамыр ауруына шалдығатын науқастар саны 19,1 пайызға азайған.

  • 7 Шiлде 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

Жүрек-қан тамыр дертінен көз жұматындар саны 20,8 пайызға кеміген, деп хабарлайды ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Омарова.

«Сонымен қатар облыста тумасынан жүрек ауруына шалдыққан науқастарды емдеу мәселесі, соның ішінде балаларды емдеу мәселесі өзекті болып отыр», — деп атап өтті А.Омарова.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша диспансер есебінде тумасынан жүрек ақауы бар 15 жасқа дейінгі 2 802 бала тіркеуде тұрса, оның ішінде 1 жасқа толмаған 415 бала бар.

Соңғы жаңалықтар