ОҚО-дан Алматыға 305 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-дан Алматыға 305 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді

ОҚО-дан Алматыға 305 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді

Оңтүстік Қазақстан облысынан жалпы құны 140 млн. теңгенің 305 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен Алматы қаласына аттанды.

  • 14 Тамыз 2015
  • 1607
Фото - Caravan.kz
 Атап айтқанда, 91 тонна ет, шұжық, 88 тонна көкөніс, 14 тонна картоп, 38 тонна бақша өнімдері, 74 тонна өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері мен 31 мың жұмыртқа бар. 15 тамыз күні Алматы қаласындағы «Астана» алаңында өтетін жәрмеңкеде оңтүстіктен жеткізілген сапалы өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан бағада тұрғындарға ұсынылмақ.

    Жалпы Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда елеулі жұмыстар атқарылуда. Егістікті әртараптандыру мақсатында мақта мен бидай алқаптары кемітіліп, көкөніс, картоп, бақша дақылдарының көлемі  3,0 мың га ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 785,0  мың гектарға  жетті.

 Биылғы алғашқы жартыжылдықта тамшылатып суғару әдісі 41,1 мың га, жылыжайлар 1005 га жеткізілді. 

  Мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 2735 мал бордақылау алаңы, 516 жанұялық сүт фермасы,  41 сүт қабылдау бекеті,  16 шағын құс фермасы ашылады. 


  Облыста ағымдағы жылы 850 мың тонна көкөніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 85 мың тонна жеміс-жидек, 58,0 мың тонна жүзім өндіру жоспарлануда. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан  6 есеге, жеміс-жидектен, жүзімнен 3 есеге артық. 

Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындарының қажеттілігінен артық өнімдер еліміздің солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар