деп хабарлады ОҚО спорт және туризм департаментінің бастығы Полат Қырықбаев.
«Он екі спортшы спорттың 9 түрінен ХХХ Жазғы Олимпиадаға жолдама алды», — деді ол. П.Қырықбаевтың айтуынша, жеңіл атлетші Ольга Терешкованың қатысу мәселесі әлі белгісіз. «Ол сәбиінің дүниеге келуін күтуде. Егер босанғаннан кейін бір айда қалпына келе алса, ол Олимпиадаға қатысады», — деп түсіндірді П.Қырықбаев.
Бүгінде лицензия алғандардың қатарында мына спортшылар бар — Наталья Ивонинская — жеңіл атлетика, Ольга Терешкова — жеңіл атлетика, Евгений Алексеев — байдаркамен және каноэмен есу, Феруза Ергешова — таэквондо, Нұрсұлтан Мамаев — таэквондо, Александр Диченко — велоспорт, Сергей Истомин — ауыр атлетика, Надежда Ногай — ауыр атлетика, Мөлдір Әзімбай — спорттық гимнастика, Ангелина Мищук — стендтік ату, Елена Шалыгина — еркін күрес, Біржан Жақыпов — бокс.
Лицензияға үміткерлердің арасында мыналар бар — Ермек Байдуашев — еркін күрес, Марат Кәрішалов — грек-рим күресі, Жайна Шекербекова — бокс, Ержан Дүйсенбеков — еркін күрес, Рашид Юнусметов — оқпен ату, Александра Подрядова — дзюдо, Дмитрий Коблов — жеңіл атлетика, Евгений Пискун — жеңіл атлетика, Александр Боднер — жеңіл атлетика, Тимофей Емельянов — байдаркамен және каноэмен есу.
Естеріңізге сала кетейік, кезекті, ХХХ Жазғы Олимпиада ойындары Ұлыбритания астанасы Лондонда 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді. Лондон ойындарды үшінші рет (бұған дейін 1908 және 1948 жылдары өтті) қабылдап отырған алғашқы қала.