ОҚО-ның Тоқсансай елді мекенінде күйдіргі ауруының тері түріне қатысты күдікті үш жағдай тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-ның Тоқсансай елді мекенінде күйдіргі ауруының тері түріне қатысты күдікті үш жағдай тіркелді

ОҚО-ның Тоқсансай елді мекенінде күйдіргі ауруының тері түріне қатысты күдікті үш жағдай тіркелді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданының Тоқсансай елді мекенінде күйдіргі ауруының тері түріне қатысты күдікті үш жағдай тіркелгенін хабарлайды.

  • 22 Маусым 2011
  • 680
Фото - Caravan.kz

2011 жылғы 20 маусымда науқастар медициналық көмекке жүгініп, Ордабасы ауданының аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде деп бағалануда.

Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастар 2011 жылғы 13 маусымда жекеменшік аулада күйдіргі ауруына қарсы егілген сиырды союға қатысқан. Мал ветеринариялық дәрігердің қатысуымен сойылған.

Денсаулық сақтау министрлігі, аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мамандарының бригадасы ветеринариялық қызмет пен жергілікті атқарушы органдары мамандарымен бірлесіп, ауру ошағында эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.

Зертханалық зерттеу үшін материал алынды.

2011 жылы жалпы республика бойынша күйдіргі ауруының 12 жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматы облысында — 5 және Павлодар облысында — 7 жағдай.

Күйдіргі ауруы — бұл аса қауіпті инфекциялар тобының ішіндегі жіті инфекциялық ауру. Адам әдетте оны ауру малды сойған және етін бөлшектеген кезде жұқтырады.

Республикада 1948 жылдан бастап күйдіргі ауруы бойынша стационарлық-қолайсыз 1767 елді мекен тіркелген, оның ішінде 216-сы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жануарлар немесе тұрғындар арасында бір рет те болса күйдіргі ауруы тіркелген жер стационарлық қолайсыз елді мекен болып табылады.

Соңғы жаңалықтар