Жарияланды: 530

«Оқуға басшылық: сән бе, әлде уақыт талабы ма?» - ШҚО

«Оқуға басшылық: сән бе, әлде уақыт талабы ма?» - ШҚО

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері 8 қараша күні Курчатов қалалық кітапханасында кітапханашыларға арналған «Оқуға басшылық: сән бе, әлде уақыт талабы ма?» атты имидждік семинар-тренинг өткізді.

Бұл шараның мақсаты – кітапханашылардың кәсіби біліктілігін дамыту, кітапхана педагогикасының жаңа тәсілдерін меңгеру. «Оқуға басшылық = ортақ шығармашылық» әңгімесі қатысушыларды балалар мен жасөспірімдер оқуына басшылықтың жаңа әдістерінің теориялық негіздерімен, атап айтқанда оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту әдісімен таныстырды. Содан кейін олар С.Вольфтың «Подарочек» және И.А.Буниннің «Роман горбуна» әңгімелерін мысалға ала отырып, «үзіліспен оқу» әдістемесімен тәжірибе жүзінде танысты. Жаттықтырушының басшылығымен бір сәтке оқырмандарға айналған кітапханашылар шығармалардың атауларын талдай отырып, ондағы кейіпкерлер мен оқиғалар туралы өз пікірлерін айтты, сюжеттің дамуына болжам жасады, яғни әңгімелерді талқылауға белсене қатысты. Кітапханашылар балалар оқуының психологиясы саласының белгілі шебері И.Тихомированың ұсынған «Путешествие в глубь строки», «Побывав в «Заливе созерцания», «Бухте радости и светлой печали», «Мысе проникновения» атты шығармалар талдауының ретімен танысты. Балалар мен жасөспірімдерді кітапқа және оқуға тартудағы маңызы зор кітаптарды талқылаудың осындай өзгеше түрі қатысушыларды қатты қызықтырды. Қатысушылар тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру бойынша көптеген пайдалы мәліметтерге қанықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін