Оқулық сапасын бағалаудың халықаралық стандарты енгізілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқулық сапасын бағалаудың халықаралық стандарты енгізілуі мүмкін

Оқулық сапасын бағалаудың халықаралық стандарты енгізілуі мүмкін

Оқулық әзірлеу мен оның сапасын сараптауға қатысатын мамандар бірліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр.

  • 22 Шiлде 2021
  • 148
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство халықаралық консорциуммен бірлесіп, оқулық дайындауға қатысы бар мамандарға арнайы тренингтер ұйымдастырған. Осылайша отандық мамандар оқулық әзірлеу мен сараптаудың халықаралық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алып отыр. Министрлік бұл болашақта елдегі оқулықтарды тексеру тәсілін жетілдіруге ықпал етеді деп үміттеніп отыр.

Бүгінге дейін Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының 40 жетекші сарапшысы аталған курстан өтіпті.

«Оқулықтар оқушылар мен ата-аналардың сұраныстарына лайық болуы керек. Сондықтан қазақстандық оқулықтарға қатысты шағымдар санын азайту үшін жоспарлы жұмыс жүргізе береміз. Оқыту барысында қазақстандық және шетелдік жаттықтырушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сарапшыларды мектеп оқулықтарын бағалау әдістемесін практикада қолдануды үйретеді»– дейді Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали.

Оның айтуныша, курста оқулық сарапшылары авторларға қойылатын жаңартылған талаптармен, барлық мектеп пәндері бойынша оқулықтарды бағалау әдістемесі мен критерийлерімен танысып, басқа елдердің электрондық оқулықтарды сараптау тәжірибесі талдау арқылы біліктіліктерін арттырады.


Соңғы жаңалықтар