Оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға қылмыстық іс қозғалды

Оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 3 Қазан 2017
  • 189
Фото - Caravan.kz

«Біз Ішкі істер министрлігіне арыз бердік, олар өз жұмыстарын бастады. Менің түсінуімше, қылмыстық іс қозғалды. Олар әзірше бізге еш ақпарат берген жоқ. Оларда жұмыс қай деңгейде өтіп жатқанын білмейміз. Біздің заңгерлік жұмыстармен айналысатын департаментіміз қазақстандық оқулықтардағы деп суреттерді жариялау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз берді. Негізінде ол суреттер қазақстандық оқулықтарда жоқ. Біз мұндай арыз беруге міндетті болдық. Егер де халықты мақсатты түрде алдау жүріп жатса, онда онымен Ішкі істер министрлігі айналысуы тиіс», — деді Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар министр «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық өкілдері Қазақстанның барлық өңірін аралап, аталған оқулықтардың мазмұнына қатысты наразылық танытқан ата-аналармен және ұстаздармен кездесулер өткізеді. Кездесу нәтижесінде ұсыныстар мен ескертулер жиналып, Білім және ғылым министрлігі Парламентте заңнамалық деңгейде отырыс өткізеді.


«Заңнамалық деңгейде үлкен кездесу өткізіп, барлық мәселелерді талқылаймыз. Сол жерде баспаға дайындалып жатқан оқулықтар да көрсетіледі. Содан кейін барып ортақ шешімге келеміз», — деді ол.