Оқушы қыздың өліміне қатысты айыпталған күдікті айтқандарынан айнып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушы қыздың өліміне қатысты айыпталған күдікті айтқандарынан айнып қалды

Оқушы қыздың өліміне қатысты айыпталған күдікті айтқандарынан айнып қалды

Павлодар облысында 14 жасар мектеп оқушысы Анастасия Шарипованың өліміне қатысты айыпталған күдікті алдыңғы айтқандарынан айнып қалды. Виктор Бахарев бұған дейін қылмысты өз мойнына алып, тергеушілерге бүге-шігесіне дейін көрсеткен болатын.

  • 19 Қараша 2013
  • 244
Фото - Caravan.kz

Енді мұның барлығын тәртіп сақшыларының қысымына шыдамай айттым деп отыр. Айыпталушы жауабын адвокатымен кездескен соң аяқасты өзгерткен. Бахаревтың нағыз қылмыскер екеніне марқұмның жақындары да сенбейді. 20 жастағы күдікті ақыл-есінің кемдігі бар болғандықтан, арнайы мектепте оқыған екен. Сол оқи да, жаза да алмайтынын пайдаланды дейді адвокаты. Естеріңізге салсақ, 14 жасар қыз із-түзсіз жоғалып, мәйіті тек екі аптадан кейін үйінің жанынан табылған болатын. Қаскөй оқушыны өлтірер алдында зорлаған. Ал басты күдікті ретінде ұсталған ауылдасы енді алдыңғы жауаптарынан айнып отыр. 


Бауыржан Азанов, адвокат:

– Айтқан түсініктемелерінің бәрінен бас тарып отыр. Қазіргі жайында қылмысты істемегендіктен дейді. Қылмысқа оның ешқандай шатағы жоқ. Ол жерде оны қысым болғандықтан мойындап отыр деп өзі айтып отыр ауызша.