Оқушы қызға ағайы арам оймен тиіскен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушы қызға ағайы арам оймен тиіскен

Оқушы қызға ағайы арам оймен тиіскен

Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі зорламақ болған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл оқиғаны естіген №16 мектеп мұғалімдерінің өзі таңқалып отыр. Өйткені мұнда оқу жылының басында ғана келген жас маманнан мұндай сорақылықты күтпеген.

  • 22 Ақпан 2017
  • 1532
Фото - Caravan.kz

Ал мектеп басшысы 23 жастағы жігітті қызыл дипломына қызығып жұмысқа алғаннын айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Дегенмен, тәртіп сақшыларына сегіз жасар қыздың ата-анасы шағым түсірді. Олар ағайының оқушыға арам оймен тиіскенін жайып салыпты. Әйтсе де, педофилден жәбір көрген жеткіншек мектепке келіп жүр. Оны мектеп психологтары бақылауға алыпты.

"Ата-аналардың бірінің мұғалімнің үстінен арыз түсіргенін білеміз. Оны сол күні тәртіп сақшылары тергеуге алды. Қазір оқытушы қызметінен аластатылды. Енді одан әрі не болатыны тексеру қортындысына байланысты" дейді мектеп директоры Әліби Латып.


Соңғы жаңалықтар