"Оқушыларды балта, пышақпен жарақаттаған": Петропавл мектебіндегі оқыс оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оқушыларды балта, пышақпен жарақаттаған": Петропавл мектебіндегі оқыс оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болды

"Оқушыларды балта, пышақпен жарақаттаған": Петропавл мектебіндегі оқыс оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болды

13 ақпанда Петропавлдағы №4 мектепте оқыс оқиға болды. 9 cынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, сабақ басталғанша жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған.

  • 13 Ақпан 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда балалардың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Анықталғандай, 2023 жылдың 13 ақпанында, сағат 7:50-де Петропавлдағы №4 мектеп оқушысы сабаққа балта мен пышақ әкелген. Осылайша қаруланған бала сабақ басталғанға дейін үш оқушыны – екі ұл бала және қыз баланы жаралап үлгерген. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы хабарлады.

Басқарма төрағасы Нәзір Жәшібековтың сөзінше, балаларды мектепке кірген бойда оларды тексермейтін көрінеді. Қазіргі таңда екі бала бас және иық жарақатымен балалар ауруханасына жатқызылса, үшінші балаға оқиға орнында көмек көрсетілген.

Сонымен бірге мектеп оқушыларының 9-11- сыныпта оқитыны белгілі болды.

Бұдан-бөлек №4 мектепте тергеу тобы жұмыс жасап жатқандығы анықталды.

Аталған төтенше жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті мен прокуратура пікір білдірді. Айтуларынша, жарақат алған оқушылардың жағдайы қалыпты, олар қазіргі таңда балалар ауруханасында қажетті ем алуда.


Ал кәмелет жасына толмаған Д. есімді оқушы полиция қызметкерлерімен қамауға алынып, ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 14-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Алдын ала болжам бойынша Д. есімді тұрғын психиатриялық есепте тұрған. Кәмелет жасына толмаған оқушы мен мектеп әкімшілігіне сотқа дейінгі тергеу аясында құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның басқа мән-жайын анықталуда», — деп түсіндірді облыстық прокуратура өкілдері.