Оқушыларға смартфон ұстауға әзiрше тыйым салынбайды – БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыларға смартфон ұстауға әзiрше тыйым салынбайды – БҒМ

Оқушыларға смартфон ұстауға әзiрше тыйым салынбайды – БҒМ

Оқушыларға смартфон ұстауға әзiрше тыйым салынбайды. Бұл туралы ҚР БҒМ вице-министрi Элмира Суханбердиева «Оқу орындарының жаңа

  • 25 Тамыз 2016
  • 697
Фото - Caravan.kz

Оқушыларға смартфон ұстауға әзiрше тыйым салынбайды.

Бұл туралы ҚР БҒМ вице-министрi Элмира Суханбердиева «Оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Caravan.kz порталы BNews.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салу туралы шешiмдi мектеп немесе ұйым жеке қабылдайды. Неге десеңiз, бұл мәселе ата-аналармен бiрiгiп шешiлуi тиiс. Негiзiнде көп ата-ана балалары қалай мектепке немесе үйге жеттi деп телефон арқылы бiлiп отырады. Сондай-ақ, бiз «Ақылды қала» деп айтып жатырмыз, оның iшiнде смс-хабарлама арқылы бақылау мен басқа да смартфонда бар қызметтер қамтылған. Сондықтан, бiз смартфонға тыйым саламыз деп бүгiнгi күнi айта алмаймыз», — дейдi вице-министр.

Дегенмен, Э.Суханбердиева жоғарғы сыныптарда ұялы телефондардың оқу процесiне кедергi келтiретiнiн де жасырмады. «Әр ұстаз, әр ата-ана өздерi шешiм қабылдайды», — дейдi ол.