«Оқуымды, жұмысымды тастасам да, хиджабты ешқашан шешпеймін»: Оранған қыздар желіде тағы да шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оқуымды, жұмысымды тастасам да, хиджабты ешқашан шешпеймін»: Оранған қыздар желіде тағы да шу шығарды

«Оқуымды, жұмысымды тастасам да, хиджабты ешқашан шешпеймін»: Оранған қыздар желіде тағы да шу шығарды

Елімізде хиджаб мәселесі өршіп тұрғалы бері, оны қолдап, түрлі флешмоб ұйымдастырушылар пайда болды.

  • 13 Қазан 2023
  • 364
Фото - Caravan.kz

Олар «Жұмыс пен оқудан бас тартсам да, хиджабты шешпеймін» деп ұрандауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде тараған видеода жас қыздың: «Оқуда, жұмысты тастасам да, хиджабты шешпеймін» деген жазбасын анық көруге болады. Ол аздай, ол көшеде: «Менің хиджабым сізге несімен кедергі келтіруде?» деп плакат ұстап, көпшілік жүретін орынды шулатуда.

Оқырмандар жас қыздың бұл әрекетін қатаң сынға алды. Олар:

«Не адасып жүр осы жастар? Өздеріне қай дін, не керек екенін білмейді», «Хиджаб дегенді амалсыз киіп жүргендеріңді мойындаңдар», «Не кисең де тыныш жүріңдерші, қоғамға іріткі салмай, онсыз да шашылып жүрген қазақ», деп сөкті олар.