Оқыс жағдайда қайтыс болған қазақстандық студент Канадада жерленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқыс жағдайда қайтыс болған қазақстандық студент Канадада жерленді

Оқыс жағдайда қайтыс болған қазақстандық студент Канадада жерленді

 

  • 5 Қаңтар 2020
  • 91
Фото - Caravan.kz


Канадада жол апатынан қаза тапқан қазақстандық студент Дамир Құсайынды жерледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CTV News арнасына сілтеме жасап.

Студенттің анасы Гүлжан Бұхарованың айтуынша, ұлы әнді жақсы көрген және Канадада білім алуды армандаған. "Ол өзі оқыды, өлең шығарып, ағылшын тілінде ән айтып, өзі орындайтын", — дейді анасы. Қаза болған студенттің отбасы, достары және Centennial College қауымдастығының мүшелері сенбіде шетелдік студентті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Centennial тұрғын үй құрылысының бөлім директоры Мэтью Флеминг Дамирді жақсы танитынын және бірге талай уақыт өткізгенін айтты. "Оның көңілі ақ еді. Ол сезімтал, байқампаз адам еді. Көптеген адамның досы болды. Дамирды қатты сағынатын боламын", — деді Флеминг. Centennial College президенті әрі директор қызметін атқарушы Крейг Стивенсон Дамир Құсайынның ерекше жан екенін айтады. "Мейірімді, жұмсақ, көңілді әрі жағымды еді. Оның қазасы бізге ауыр тиді, біздің қауымдастық үшін ғана емес, Торонто қаласының көптеген тұрғындары үшін де", — дейді Стивенсон. Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда кешкі уақытта студенттер қалашығының жанында Торонто қаласында болды. Жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соқтығысып, тротуарда тұрған үш адамды қағып кеткен. Қытай азаматы Вэй Цзе Чжу-Ли және Қазақстан азаматы Дамир Құсайын қаза тапты. Тағы бір қытайлық студент ауыр жарақат алды, оның өміріне қауіп жоқ. Олардың барлығы Centennial College-де оқыды. Centennial College вице-президентінің мәліметінше, студенттер демалыс кезінде кампуста болған. Оның айтуынша, жастар сол жерде үйге дейін алыс болғандықтан қалған. Жүргізушіге тоғыз пункт бойынша айып тағылды. Соның ішінде — мас күйде көлік жүргізу де бар. Қайтыс болған студент — Дамир Кусайынн оқуды тек 2019 жылдың қыркүйегінде Торонтода бастады. Қазақстандық жігіт колледжде робототехника факультетінде білім алды. Курстастары оны көпшіл адам ретінде еске алады.
 

Соңғы жаңалықтар