Оқжетпес» пен «Қайсар» оянды! - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқжетпес» пен «Қайсар» оянды!

Оқжетпес» пен «Қайсар» оянды!

Футболдан ел біріншілігінің 7-турында күтпеген қос нәтиже тіркелді. «Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше,

  • 23 Сәуiр 2012
  • 588
Фото - Caravan.kz

жұрт аутсайдер деп қатардан сызып тастаған «Қайсар» мен «Оқжетпес» жеңіске жетті. Көш соңындағы қос команда тізгін басындағыларды тізе бүктірді.

«Қайсар» өз алаңында «Ертісті» ұтса (2:0), «Оқжетпес» елордада «Астананың» адымын аштырған жоқ — 4:1. Бұл екі команданың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңістері.

«Тараз» өз алаңында «Ордабасыны» ұтты — 2:1. Дәл осындай есеппен «Ақжайық» сырт алаңда «Жетісуді» жеңді. Алматыда «Сұңқар» мен «Тобыл» тең тарқасты — 0:0.

«Шахтер» сырт алаңда «Атыраудан» басым түсті — 2:0. «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбемен» ұпай бөлісті — 1:1.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера