Орал медресесін тұңғыш түлектер бітіріп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал медресесін тұңғыш түлектер бітіріп шықты

Орал медресесін тұңғыш түлектер бітіріп шықты

Орал медресесін биыл тұңғыш түлектер бітіріп шықты.

  • 30 Маусым 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

ҚМДБ-ның облыс­тағы өкіл имамы, Орал медресесінің директоры Бауыржан Әлиұлы диплом тапсыру салтанатында ислам дінінің қанат жаюына үлкен қамқорлық көрсетіп келе жатқан Елбасы мен ҚМДБ басшылығына, облыс әкіміне, медресе ұстаздарына, иманды азаматтарға өз ризашылығын білдірді.

Биыл медресені он төрт шәкірт тә­мамдады. Оның ішінде түлектер С.Әлібаев, А.Өрбісінов, Т.Исқалиев. Ә.Жәнібеков оқуларын үздік дипломмен бітірді. Дінбасының бұйрығымен Е.Ихсанов Шыңғырлау, Н.Иманғалиев Ақжайық (Ілбішін ауылы) аудандарына бас имам, Б.Ақташев Теректі, А.Құспанов Жәнібек, С.Кәрімов Сырым аудандарына, Е.Хайруллиев Бұлдырты ауылына наиб имам қызметіне тағайындалды. Сол сияқты Астана медресесінің түлегі М.Абдрахманов Зеленов ауданы, Дариян ауылындағы мешітте жамағатқа қызмет ететін болады.

Екі шәкірт Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университетіне жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар