Оның айтуынша, прокуратура екі шағым түсірген. Біріншісі Орал қаласы әкімінің «Орал» қонақ үйінің артындағы гүлзарды, ал екіншісі қаланың элиталық ауданындағы 50 жер телімін жеке тұлғаларға сату жөніндегі шешімдеріне қатысты.
Аталмыш даулар Орал қалалық экономикалық сотында қаралады.
З.Лақпаевтың айтуынша, прокуратура Орал қаласының әкімі «өз іс-әрекеттерінен заңсыз ештеңе таппай», аталмыш мәселелерге қатысты прокурордың қарсылығын қабылдамай қоюға байланысты сотқа шағымданған.
Жаңа прокурордың мәлімдеуінше, ол өз жұмысында ашықтық қағидасына бағынады. З.Лақпаев бұған қоса қалалық әкімшіліктен жер телімдерін алған адамдардың тізімі соттың шешімі шыға сала жария етіледі деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті