Қазір аман қалған екі зейнеткер дәрігерлердің бақылауында. Қаланың қақ ортасында тұтанған өртті ауыздықтау үшін 5 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Мамандар тілсіз жауды бір жарым сағаттан соң ғана сөндірді. Апаттың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен тұрғындар бұл жағдайға бесқабаттағы пәтерде тұратын көршілерін айыптап отыр. Олардың айтуынша, өрт шыққан пәтердің иелері ешкімді ескертпестен іздерін суытқан. Әлі күнге дейін олардың қайда екені белгісіз. Зардап шеккен тұрғындар енді оларды сотқа беріп, келген шығынды өндіріп алмақ.
Құндыз Базарова, Орал қаласының тұрғыны:
— Көрші қарт пен кемпір төменге жәйлап түсіп бара жатыр. Есіктерін кілттеп қашып кеткен, бізге айтпай. Үйде жанып кете жаздадық.