Жарияланды: 310

Орал қаласының 23 жасар тұрғыны есірткімен ұсталды

Орал қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан 23 жасар тұрғынды құрықтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, аталмыш азамат 24, 28, 30 қараша күндері сіріңке қорабына салынған кептірілген марихуана сатқан. Оның жалпы салмағы 7,53 грамды құрады. 5 желтоқсан күні есірткі сатушы өз үйінің кіреберісінен ұсталды. Оның қалтасынан 1,48 грамм есірткі шықса, пәтерінен 5,61 грамм марихуана табылған. Есірткі сатушы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін