Орал қаласының әуежайы жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал қаласының әуежайы жабылады

Орал қаласының әуежайы жабылады

1 қыркүйектен бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Орал қаласының халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдауын тоқтатады.

  • 10 Тамыз 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Шамамен 15 қазанға дейін Батыс Қазақстан өңірінің тұрғындары мен қонақтарына Атырау арқылы ұшуларына тура келеді. Яғни, автобустар жолаушыларды Атырау әуежайына дейін және кері тасымалдайды.

«Ұшу-қону жолағының реконструкциясы кестеге сай жүруде. Шамамен 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында әуежай жабық болады», — деді «Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиев. 

Еске салайық, аталмыш әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған. 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 3 қарашасы аралығында ұшақтар Атырау арқылы ұшқан. 3 қарашада реконструкциялаудың бірінші кезеңінен соң әуежай ашылған. Екінші кезең ағымдағы жылдың мамыр айында жүргізілді. 
Биылғы жылдың соңына дейін аралық жол, тұрақ жөнделіп, ұшу-қону жолағының ұзындығы 400 метрге жеткізіледі. Апаттық станса мен трансформаторлық шағын станса салынады. Әуежай реконструкциясына республикалық бюджеттен 7 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды aeroport.kz.


Соңғы жаңалықтар