Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Орал қаласының жаңа әкімі болып 39 жастағы Сағынбек Мұташев тағайындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Шiлде 2005
  • 2234
Фото - Caravan.kz

Оралдың жаңа әкімін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов таныстырды. Сағынбек Мұташев 1966-жылы туған, Қазақ политехника институтын бітірді. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Бөрілі ауданының әкімі болып істеді.

Н.Әшімов қаланың бұрынғы әкімі Вениамин Мұқатаевқа 6 жылғы жемісті еңбегі үшін ризашылық білдірді. Облыс басшысының айтуынша, «бұл — қала өміріндегі ең ауыр жылдар болды. Алайда, ойдағыдай іріктелген команданың көмегімен Мұқатаев қиындықтарды абыроймен артқа тастады».
В.Мұқатаев Батыс Қзақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Дүйсенбіде қалалық мәслихаттың депутаттары кезектен тыс сессияда бұрынғы әкімнің атын алдағы парламент сенатының сайлауына үміткер ретінде ұстынды.

Перейти к новостям спорта