Орал студенттері Gangam Style клипіне пародия түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал студенттері Gangam Style клипіне пародия түсірді

Орал студенттері Gangam Style клипіне пародия түсірді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің политехникалық факультетінің бірінші курс студенттері оңтүстіккореялық әнші PSY орындаған Gangnam Style клипіне пародия түсірді,

  • 15 Қараша 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

деп жазады «Мой Город» газеті.

Клипті құру идеясы бірінші курс студенттеріне студенттер қатарына қабылдану күніне дайындық кезінде келді. «Біз Gangam Style клипіне пародия түсіруді шештік, өйткені ол біріншіден қазіргі кезде хит-шерулердің көшбасшысы болып келеді, екіншіден, өзінің динамикалығымен тартымды. Біз курстастарымызбен жиналып, бәрін ойластырдық, көп ұзамай бізде клиптің сценарийі дайын болды. Ал оны түсіруге және монтаждауға кәсіби мамандар көмектесті. Жалпы алғанда клипті түсіруге бір күн кетті», — деп баяндайды университеттің бірінші курс студенті Абылай Оразалин.

Клип студенттердің қатал, бірақ сонымен бірге қызықты, шытырман оқиғаларға толы өмірі жайында баяндайды. Клипте басты рөлді бірінші курс студенті Мақсат Тарғынов орындады. Мақсат сырт келбетімен оңтүстіккореялық музыкантқа ұқсайды.

Соңғы жаңалықтар