«Орал су арнасынан» қоршаған ортаға келтірілген 1,2 млн. астам теңге залал өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 484.37
  • 531.06
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орал су арнасынан» қоршаған ортаға келтірілген 1,2 млн. астам теңге залал өндірілді

«Орал су арнасынан» қоршаған ортаға келтірілген 1,2 млн. астам теңге залал өндірілді

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен табиғат қорғау прокурорының ұсынысы бойынша енгізілген экология департаментінің «Орал су арнасы» МКК-ге қатысты қоршаған ортаға келтірілген 1217384 теңге залалды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

  • 20 Қараша 2012
  • 424
Фото - Caravan.kz

Облыс прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мекеме биылғы көктемде су тасқынына дайындық барысында Жайық өзені жайылмасындағы кәріздік коллекторында гидравликалық сынақтар жүргізілген кезде 40 текше метр сарқынды су қалдығын жерге төккен.

Осы факті бойынша «Орал су арнасы» МКК-ге 553 356 теңгеге айыппұл салынып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 243-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алайда МКК басшылығына жолданған наразылық орындалмаған. Сол себепті табиғат қорғау прокурорының ұсынысы бойынша экология департаменті сотқа МКК-ден қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру туралы талап арыз берді.

Аталған негіздер бойынша сотпен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.