Орал тұрғыны орамалға түйілген көне валюта тауып алды! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал тұрғыны  орамалға түйілген  көне валюта тауып алды!

Орал тұрғыны орамалға түйілген көне валюта тауып алды!

Орал қаласының тұрғыны қазына тапты. Ол өзінің  бір ғасыр бұрын салынған үйін бұзу кезінде орамалға түйілген қомақты ақша тапқан. Көне валюта 19 ғасырдың аяқ кезінде шыққан деп топшылайды ғалымдар. Әзірге олжалы азамат қолдағы байлығын коллекционерлерге сатып жатыр.

  • 22 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Түтіні   құбырынан түзу ұшпайтын үйді Бахтиярдың баспана қылғанына бас-аяғы 13 жыл. Бір мүшел тұрып машақатын молынан шеккен азамат баспанасын бұзып, орнына жаңасын тұрғызбақ боп білек сыбанған. Құжатта 1899 жылы салынған деп көрсетілген үйден табылған бір қапшық Бахтияр Шейітовты  шалқытты- қапшық толы қаражат.

Бахтияр Шейітов, Орал қаласының тұрғыны:

— Бұзғанда ақша шықты ғой, ақша таптық! Жоғарғы жағынан, екінші қабаттан. Ағаш қой,  екінші қабаты. Сол ағаштардың арасына тыққан, шүберекке орап.

Көне купюралар 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында басылған. Бұл не қылған «батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп жатсынбаған отағасы тапқанын коллекционерлерге сатып жатыр. Бағасына келіссе, бас ауыртып жатпайды.

Бахтияр Шейітов, Орал қаласының тұрғыны:

— Ашып, қызығып қарадық сол кезде қандай ақша деп. Көп ақша! Ақша алған кісі — коллекционер айтты, сол кездегі бағамен  10 рубль — бір сиыр дейді.

Көне ақшалар алтынмен бекітілген. “Жалған ақша заңмен қудаланады” деп де жазылған. Жергілікті жәдігерге жаны құмар жандар: «Соңғы екі жылда оралдықтар тарихи тиын-тебендерді көп тапты» -деп таңдай қағады.


Геннадий Мухин, Қоғамдық мәдени-ағарту қорының директоры:

Бұл байлықтар Азамат соғысы кезінде жасырылған. Өйткенісол кезде бір жақтан ақтар, ал басқа жақтан қызылдар келіп,тонап кететін болған. Сол себепті де байлар жиған-тергендерін осылайша тығып тастаған.

Тарихшының сөзіне сүйенсек, 19-20 ғасырда Оралда ит басына іркіт төгілген заман бопты деп топшылауға болады. Көне тамдардан тиын емес, ат басындай алтын табылуы да ғажап емес. 

Соңғы жаңалықтар