Орал түрмесіндегі жаппай төбелес: 12 қызметкер жазаланды, біреуі жұмыстан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал түрмесіндегі жаппай төбелес: 12 қызметкер жазаланды, біреуі жұмыстан шеттетілді

Орал түрмесіндегі жаппай төбелес: 12 қызметкер жазаланды, біреуі жұмыстан шеттетілді

Төбелес кезінде он адам жарақат алған болатын

  • 19 Мамыр 2022
  • 55
Фото - Caravan.kz

Оралда колониядағы жаппай төбелестен кейін түрменің 12 қызметкері жазаланды. Соның ішінде біреуі жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Түрмедегі төбелеске қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша колонияның 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Бір адам қызметінен шеттетілді, үш адамға атқарып отырған қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды. Тағы төртеуіне қатаң сөгіс жарияланды, үшеуі сөгіс алды және біреуіне ескерту жасалды", — деп мәлімдеді БҚО ҚАЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 10 мамырда таңғы сағат бестің шамасында қауіпсіздігі орташа РУ-170/2 мекемесінде сотталғандар арасында жаппай төбелес болды. Салдарынан он адам жарақат алды. Облыстық ҚАЖД ақпаратынша, сотталғандар киім ілгіштің металл элементтерін пайдаланған, пышақ пен үшкір заттар табылған жоқ.


Полиция Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Айта кетері, олар ұрлық, тонау және денсаулыққа зиян келтіру сияқты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар