Оралда 21 жастағы әйел жаңа туған сәбиін гараждардың арасына тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 21 жастағы әйел жаңа туған сәбиін гараждардың арасына тастап кеткен

Оралда 21 жастағы әйел жаңа туған сәбиін гараждардың арасына тастап кеткен

Кеше кешкісін сағат 17.45-те Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы гараждардың арасынан пакетке оралған жаңа туған ұл бала табылды.

  • 5 Қараша 2015
  • 569
Фото - Caravan.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті істеген ісін мойындап, жағдайының жоқтығынан осындай қадамға барғандығын жеткізді. Оған ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат берілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, нәресте облыстық көпбейінді балалар ауруханасында емделуде. Оның халі орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда. 

Соңғы жаңалықтар