Оралда 39 студент белгісіз газдан уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 39 студент белгісіз газдан уланып қалды

Оралда 39 студент белгісіз газдан уланып қалды

Оралда 39 студент белгісіз газдан уланып қалды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Десе де улы түтінге тұншыққан 10 адам аурухана төсегіне таңылған. Уланғандардың барлығы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханасында тұратындар.

  • 7 Қараша 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

Олег Юров, университет проректоры:

— Түнде бір түрлі иіс шығыпты. Күзетшілер бірден басшылыққа хабар берді. Қазір жатақханада ешкім тұрмайды. Иісті шығарып, тазартып жатырмыз. Төтенше жағдайлар қызметі тексеру жүргізуде. Соның қорытындысын күтіп отырмыз.

Улы газ тарап, студенттерді шырт ұйқыдан оятқан оқиға кеше түнде орын алыпты. Уақытылы жедел көмекті шақыртудың арқасында ғана зардап шеккендер саны көп болмаған. Десе де жатақхана тұрғындарының 39-ы уланып, соның 10-ы қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайы қалыпты дейді. Әзірге студенттердің жаппай улануына нақты не себеп болғанын Төтенше жағдайлар қызметі анықтауда.


Ерлан Тоқтасанов, Батыс Қазақстан облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері:

— Түскен адамдардың барлығының шағымы- көзден жас ағу, тынысының тарылуы, сосын бас айналуы, әлсіреу деген диагнозбен 39 адам түсті. Солардың 10-ын ауруханаға жатқызу керек деп шештік. Өйткені олардың қан қысымдары кішкене жоғарлаған.

Соңғы жаңалықтар