Полицияның Абай аудандық бөлімінің аға тергеушісі Гүлжан Атаниязованың айтуынша, өзін біресе қалалық әкімшіліктің, енді бірде төлқұжат бөлімінің, тағы басқа да мемлекеттік мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, тұрғын үй алуға немесе әртүрлі құжаттарды реттеуге қолұшын беремін деп тұрғындарды алдайтын әйел сондай қызметінің төлемін сұрап алғаннан кейін із-түзсіз жоғалып отырған.
Бүгінге дейін алаяқтан алданған 10 адам полицияға арызданды.
Тергеу жұмыстары одан әрі жалғасуда.