Жарияланды: 460

Оралда ағаштың түбінен нәресте табылды!

Ағаштың түбінде табылған бала! Оралда белгісіз біреу жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен. Шырылдап жатқан шарананы сол маңдағы тұрғындар тауып, жедел жәрдем мен полицияны шақыртыпты.

Балзия Ералина, Орал қаласының тұрғыны:

- Дәрігерлер де келді. Еркек бала екен.  Мен ештеме деген жоқпын келініме. Ол: «Ойбай, аламын, асыраймын» -деді. Құдайдың беріп кеткен... несі... деп. Ит те әкеліп қарады. Ештеме таба алмады. Тастап, зытып кеткен боп тұр ғой. Кеше туған бала дейді.   

Қазір нәресте облыстық ауруханада жатыр. Оны тексерген дәрігерлер баланың кіндігі медициналық мекемеде кесілгенін айтады. Бұл полицейлерге “көкек ананы” іздестіруде септігін тигізбек. Өйткені жөргегіне қыстырылған қағазда баланың салмағынан басқаешнәрсе жазылмапты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін