Оралда актриса Қ.Асқарованың мерейтойы аталып өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда актриса Қ.Асқарованың мерейтойы аталып өтілді

Оралда актриса Қ.Асқарованың мерейтойы аталып өтілді

18 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында театрдың белді әртістерінің бірі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Асқарованың 60 жасқа толуына орай мерейтойы аталып өтілді.

  • 19 Қараша 2012
  • 419
Фото - Caravan.kz

Театр директоры Құжырғали Төлеуішев жүргізген кеште мерейтой иесінің атына жылы лебіздер айтылып, әндер шырқалды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хаты табыс етілді. Өнер сүйер қауым атынан облыстық мәслихат депутаты Тұяқбай Рысбеков ізгі тілегін білдірсе, әншілер Сағадат Рахметжанов, Мұсағали Бектенов, Дастан Есентеміровтер әуелете ән шырқады.

Қарлығаш Асқарова көп жыл С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында еңбек етті. Көптеген рольдерде ойнап, шеберлік шыңына көтерілді. Әсіресе, ол «Ақан сері — Ақтоқты» спектакліндегі Ақтоқты ролімен кеңінен танылып, лайықты бағасын алды.

Белгілі өнер қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратовтың жары Қарлығаш Асқарова соңғы оншақты жыл көлемінде Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында еңбектеніп келеді.

Соңғы жаңалықтар