Оралда алғашқы отандық ұшақ көкке көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда алғашқы отандық ұшақ көкке көтерілді

Оралда алғашқы отандық ұшақ көкке көтерілді

Оралда жергілікті зауытта құрастырылған ұшақ көкке көтерілді. Төрт орындық шағын әуе көлігі америкалық Lanсair IV-тің базасында жасалған екен.

  • 24 Қаңтар 2015
  • 223
Фото - Caravan.kz

Оралдық мамандардың жетістігі сырттан келген қонақтар мен түрлі делегацияларға көрсетіліп келген. Бірақ оның өзінде тек сырттай қарауға мүмкіндік болған еді. Қозғалтқыш, фюзеляж сияқты бірқатар бөлшектер шетелден алынса, кейбірі Оралдағы зауытта жасалатын. Былтырғы жылдың көктемінде ұшақ сынақтан өтіп, қажетті құжаттардың барлығын алған. Енді жергілікті мамандардың құрастырған техникасы әуеге көтеріліп отыр. Төрт орындық ұшақтың қозғалтқышы газды-турбиналық, ал ұшу жылдамдығы сағатына 400 шақырымды құрап, 1200 шақырым жерге дейін жеткізе алады екен.