Оралда А.Пушкиннің туған күні аталып өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда А.Пушкиннің туған күні аталып өтілді

Оралда А.Пушкиннің туған күні аталып өтілді

Бүгін - орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні. Ақын есімі оралдықтар үшін ерекше жақын. Өйткені Орал - Александр Пушкин ат басын тіреп, аялдаған Қазақстандағы жалғыз қала.

  • 7 Маусым 2012
  • 565
Фото - Caravan.kz

Сондықтан жыл сайын ақынның туған күніне орай оның ескерткішіне оралдықтар гүл шоғын қойып, өлеңдерін оқуды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да қала тұрғындары ақын рухына тағзым етті. А.Пушкин музейінің меңгерушісі Сара Танабаева жиналғандар алдында ақынның Оралға келгені, сол сапарының нәтижесінде «Пугачев бүлігінің тарихы», «Капитан қызы» атты кітаптар жазғаны жөнінде әңгімелеп берді. Оралда тұратын Пушкинге қатты ұқсайтын Владимир Букреев, №1 орта мектеп пен №6 «Шолпан» балабақшасының шәкірт-тәрбиеленушілері өлеңдер оқыды.

Ақынның туған күніне орай мереке, әсіресе, А.Пушкин музейінде әсерлі өтті. Мұндағы шараға Ресейдің Оралдағы консулы Сергей Прохоров қатысты. Концертте ақын өлеңдеріне жазылған романстар орындалып, театрландырылған көріністер қойылды.

Перейти к новостям спорта