Оралда ақпан айының соңында ҚР үкіметінің көшпелі отырысын өткізу межеленіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 529.65
  • 544.64
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда ақпан айының соңында ҚР үкіметінің көшпелі отырысын өткізу межеленіп отыр

Оралда ақпан айының соңында ҚР үкіметінің көшпелі отырысын өткізу межеленіп отыр

Оралда ақпан айының соңында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен үкіметтің көшпелі отырысын өткізу межеленіп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 369
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, үкіметтің бұл отырысында облыстың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланады. Үкімет Батыс Қазақстан облысын индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және бірқатар инвестициялық жобаларды қолдау жұмысында «сынақ» мақсатындағы облыс ретінде танып отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Гидроприбор» АҚ мен «Омега» АҚ-ның негізінде аспап және машина жасау салалары үшін ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған озық технологиялардың техносаябағын құру көзделген. Бұл мақсатқа республикалық бюджетте 200 млн. теңге қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, үкімет қаржы министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ мен Батыс Қазақстан облысы әкімшілігіне Оралда спирт зауытын салу жөніндегі келісіп пішілген ұсынысты бір ай мерзімде енгізуге тапсырма берді.
Оралда өтетін үкіметтің көшпелі отырысына ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, Инвестициялық және инновациялық қорлардың, басқа да мүдделі министрліктер мен мекемелердің өкілдері қатысады деп күтілуде.