Жарысқа Орал мен Ақсай қалаларынан, сондай-ақ Бөрлі ауданынан 30-дан астам спортшы қатысты. Екі күнге созылған біріншілік қорытындысында әйелдер арасында Лилия Сәрсенова бірінші орынды иеленді. Ерлерден Владимир Журавлев озық шықты. Жұптасып өнер көрсетуден Лилия Сәрсенова мен Галина Тимофеева, Владимир Лачугин мен Игорь Жердев, Лилия Сәрсенова мен Игорь Жердев алда болды.
Жарыс жеңімпаздары Шымкентте шілденің басында ардагерлер арасында өтетін республика чемпионатына қатысады.