Оралда әскер қатарындағы жауынгер өз-өзіне оқ атты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда әскер қатарындағы жауынгер өз-өзіне оқ атты

Оралда әскер қатарындағы жауынгер өз-өзіне оқ атты

Оралдағы 55/17 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер атылып қалды. Тамағына кезелген оқ жұтқыншағы мен тілін жаралап, самай сүйегін тесіп өткен. Жарақаты ауыр азамат қазір жансақтау бөлімде жатыр. Мылтық құшақтап, ессіз жатқан оны күзет бөлімінің жетекшісі тауып алыпты.

  • 24 Шiлде 2013
  • 409
Фото - Caravan.kz

Қанат Беляков, «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары: 

— Алдын ала тексеруге сәйкес, сарбазға қандайда бір әлімжеттіктік жасалғаны анықталған жоқ. Іспен қазір әскери прокуратура мен Орал гарнизонының тергеу бөлімі айналысып жатыр. Бәрі ішкі тексеруден соң анықталмақ.

Ал әзірге «суицитке бармақ болды» деген жауынгердің есімі ғана белгілі болып отыр. Ол — Қызылорда өңірінен борышын өтей келген 19 жастағы Еркебұлан Сейілханов екен. Әскери мерзімінің аяқталуына нәбәрі бірер ай қалған. Сондықтан тісқаққан сарбаздың мұндай тосын әрекетке баруына ненің түрткі болғаны білгісіз. Науқастың туыстарына да хабар берілген. Қазір оқиғаға қатысты ішкі әскер қызметтік тексеру жүргізіліп, Орал гарнизонының тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады. Ал сарбаздың жағдайын бақылауға алған дәрігерлер оның халі мүшкіл екенін айтады.


Жұмабек Шайхиев, БҚО клиникалық аурухана директорының орынбасары:

— Әскери бөлімнен түскен науқастың жағдайы қазір өте ауыр.  Жарақаты иегінің астынан кіріп оқ тілінің арасынан өтіп, бас қуысына кіріп, миының сол жағынан шығып кеткен.