Қайғылы оқиға 20 наурызда болған. 32 жастағы ер адам автокөлік қызметі аумағындағы көше дәретханасының шұңқырына құлаған.
Зардап шеккен адамды шұңқырдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.
Денсаулық сақтау басқармасы көше дәретханасына құлаған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Айта кетейік, Ресейде 11 қабаттан құлаған ер адам өрт сатысына ілініп,
аман қалған еді. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.