Жарияланды: 310

Оралда бірнеше адам алаяқтарға алданып, ақшасынан айрылды

Орал қаласында бірнеше адам алаяқтарға алданып, ақшасынан айрылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 31 қазан күні 51 жасар ер адамға белгісіз біреу оның ұлы есірткімен ұсталғанын хабарлаған. Бұл мәселені шешу үшін 200 мың теңге сұрап, Еруазия даңғылы бойындағы 2-база аялдамасы маңындағы қоқыс контейнеріне әкеліп тастауды талап еткен. Алданған ер адам соңғы 100 мың теңгесін контейнерге тастап кеткен. 2 қараша күні 65 жасар әйел адамға қонаққа келген ер адам оның сеніміне кіріп, 7 мың теңгесін қақшып кеткен. Сол күні 48 жасар әйел адамның үй телефонына ер адам өзінің полиция қызметкері екенін айтып, оның ұлының есірткімен қолға түскенін хабарлаған. Ақша беруге келіскен әйел «Сокол» аялдамасына еуропа пішіндес жігітке 200 мың теңгесін ұстатып жіберген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін