Оралда бос орындар жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда бос орындар жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп келеді

Оралда бос орындар жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп келеді

 Орал қаласында жұмыспен қамту орталығында 1300-дей жұмыссыз есепте тұр.

  • 23 Қыркүйек 2013
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Бейбіт Сүлейменовтің айтуынша, жұмыс берушілерден сұраныстар түсіп тұрады. Тек биылғы жылдың ба­сынан бері он рет бос орын­дар жәрмеңкесі өткізілді. Жүз­дің үстінде адам өздеріне жұ­мыс тапты. Сонымен қатар жәр­мең­кеде ұсынылған жұмыс бо­йын­ша адамдар қайта даяр­лау­­­ға оқуға жіберіледі. Қазір жұ­мыс берушілерден құрылысшы, аспаз, жүк тасымалы көліктері­нің жүргізушісі, электрмен дәне­кер­леушілер тағы басқа мамандық­­тарға сұраныс көп.

Таяуда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп тағы бір бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос орындар жәрмеңкесіне қа­ладағы «Аяз», «Азиятехстрой», «Свит», «Стекло-сервис», «Уральскстрой­инвест», «Ақас» ЖШС-лары, «Талап» АҚ өкілдері қатысып, келушілерге 65 жұмыс орнын ұсынды.


«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қоғам­дық қабылдау бөлмесі­нің меңге­рушісі Гүлжан Мұхта­рованың айтуынша, филиалдың қоғамдық қа­был­дау бөлмесіне жұмысқа орнала­су мәселесімен адамдар жиі ке­леді. «Біз олардың талап-тілекте­рін мүмкіндігінше шешу үшін жұ­мыстанамыз. Қазір барлық жерде «Жұмыспен қамту — 2020», «Жастар тәжірибесі», «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында осындай шаралар өткізіліп, көптеген адам өздеріне жұмыс табуда», — деді ол.