Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Батыс Қазақстан облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Оралда 57 кәсіпорынның қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Тамыз 2003
  • 516
Фото - Caravan.kz

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде 1400 бос жұмыс орнына 5 мың өтініш келіп түскен.

Нәтижесінде 187 адам жұмысқа қабылданып, 9 адам қайтадан кәсіптік оқытуға жіберіліп, 43 адам қаланы көріктендіру жөніндегі қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Алайда, жәрмеңкеге қатысушылардың айтуынша, жұмыс берушілер көбінесе жоғары кәсіби жас мамандарға ғана қызығушылық танытып, зейнет жасына таянған егде адамдар ұсыныстардан мақұрым қалған.
Оралда бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу жылына екі мәрте көктем және жазда өткізілетін дәстүрлі шараға айналды.

Соңғы жаңалықтар