Оралда электр қуатының кұны қанша пайызға көтерілді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда электр қуатының кұны қанша пайызға көтерілді?

Оралда электр қуатының кұны қанша пайызға көтерілді?

Теңге бағамының құлдырауынан кейін қымбатшылық кезегі электр қуатына да келіп жетті. Оралда жарықтың құны бірден 21 пайызға көтерілді. Ал бюджеттік мекемелер үшін тіпті 87 пайызға қымбаттап отыр.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 432
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін де баға 5,8 пайызға артқан. Жарық таратушы мекеме бұның себебін электр қуатын өндіруші компаниядағы істен шыққан трансформатормен байланыстырып отыр. Салдарынан өндірушілерден сатып алатын қуат көлемі айтарлықтай азайып қалған. Енді тапшылықты жою үшін энергетиктердің бағасы қымбатырақ Маңғыстау облысы мен Ресейге күні түсіп отыр екен. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында электр бағасы биылдыққа екінші рет қымбаттап отыр.

Сержан Жаманқұлов, БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

— Өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуде бұл барып отырған шарасыздық жағдайы. 02:40 Яғни, бұрын электр энергиясын сатып алудың орташа бағасы 8, 8 теңге болса, бүгінгі таңда ол 10,94 теңгеге өсіп отыр. Бұл енді авариялық жағдай жойылғанға дейін уақытша сипатта болып отырған жағдай.

Соңғы жаңалықтар