Оралда екі бірдей азамат есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда екі бірдей азамат есірткімен ұсталды

Оралда екі бірдей азамат есірткімен ұсталды

Орал қаласында екі бірдей азамат есірткімен ұсталды.

  • 13 Маусым 2011
  • 418
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 7 маусым күні «Көкнәр» және «Арна» жедел алдын алу шаралары барысында полицейлер Гагарин көшесіндегі үйдің кіреберісінен 24 жасар қала тұрғынын құрықтады, одан 8,69 грамм марихуана табылды. Оның пәтерін тінту кезінде 21,58 грамм марихуана тағы шықты.

Сондай-ақ 9 маусым күні «Комарово» саяжай қоғамынан 29 жасар А. қолға түсіп, одан 2,04 грамм героин табылды.

Өткен аптада басқа да қылмыстар тіркелді. Айталық, 7 маусым күні біреудің үйінен 492,5 мың теңгені қымқырып кеткен 35 жасар ер адам ұсталса, Ақсай қаласында 31 жасар әйелге пышақ салып, жарақаттаған 43 жасар әйел адам екендігі анықталды. 8 маусым күні Пойма стансасында «Пойма-Агро» астық қабылдау кәсіпорнына кіреберісте 44 жасар жүргізуші «КамАЗ» автокөлігімен 49 жасар лаборантты басып кетіп, әйел ауруханада көз жұмды. 10 маусымға қараған түні Орал қаласындағы 7-ықшамауданда «Мазда-626» автокөлігінің төрт бірдей доңғалағын және «ВАЗ-21099»-дың екі доңғалағын ұрлап кеткен 23 жасар жігіт екендігі белгілі болды. Бұл заттар иелеріне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар