Бұл додаға Ресей, Германия, Украина, Беларусь, Литва, Армения, Грекия, АҚШ, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Оңтүстік Корея, Қазақстан елдерінен жүзден астам спортшылар қатыспақ. Әлем кубогінің бұл кезеңіне еліміздің құрамасына қоса батысқазақстандықтар да жеке команда болып бақ сынамақ. Белгілі жаттықтырушылар Райымбек Меңдіғалиев, Қайрат Тұрарұлы баптайтын батысқазақстандықтар сапында әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров сынды саңлақтар бар.