Оралда еркін күрестен әлем чемпионы Е.Ларионоваға құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда еркін күрестен әлем чемпионы Е.Ларионоваға құрмет көрсетілді

Оралда еркін күрестен әлем чемпионы Е.Ларионоваға құрмет көрсетілді

Венгрияда еркін күрестен кадеттер арасында өткен әлем чемпионатынан бас жүлдемен оралған батысқазақстандық жас балуан Екатерина Ларионоваға облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы құрмет көрсетті.

  • 7 Қыркүйек 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін екі мәрте Азия чемпионы деп танылған Катяны қабылдаған аталмыш басқарманың бастығы Мүсілім Оңдағанов бұл көптен күткен жеңіс екенін айтты. Себебі, аталмыш күрес түрі бойынша төрткүл дүниені бағындырған ақжайықтық ару болған жоқ.

Алтын алқаңның көрімдігі ретінде жас балуанға 200 мың теңге сыйақы берілді. Катяның әкесі әрі бапкері Алексей Ларионов та тарту-таралғысыз қалған жоқ.

Е.Ларионова әлем чемпионатына қатысуға және оған дайындалуға барлық жағдай жасағаны үшін облыс басшылығына, облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына риазашылығын білдірді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера