Оралда есірткі қылмысына байланысты айыпталған студент ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда есірткі қылмысына байланысты айыпталған студент ақталып шықты

Оралда есірткі қылмысына байланысты айыпталған студент ақталып шықты

Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі қылмысына байланысты айыпталған жергілікті колледж студентін ақтады.

  • 21 Қараша 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдарымен айыптау ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша есiрткi немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi әлденеше рет жасаған делінген.

Сотта анықталғанындай, жедел шаралар жүргізу барысында, сонымен қатар айыпталушыны құрықтау сәтінде және оның тұрғылықты жерін тінту кезінде заңнама талаптарының бұзылуына жол берілген. Атап айтқанда, куәгерлер ретінде осы іске мүдделі тұлғалар қатыстырылған. Осыған байланысты сот аталған куәгерлермен жүргізілген шаралар жөніндегі барлық іс жүргізу құжаттарын дәлелдеме ретінде қолдануға жол берілмейді деп таныды. Куәгерлер өз жауаптарында қарсы мәліметтер беруіне байланысты сотталушының есірткі заттарын өткізуге қатысты рәсімделген барлық құжаттардың растығы соттың күмәнін тудырды. Сонымен қатар, сотта анықталғанындай, сотталушы қылмыс жасады делінген уақыт мерзімінде шын мәнінде оқуда болған.

Конституцияның 77-бабының 8-тармағы, ҚР ҚК 19-бабының 3-бөліміне сәйкес, соттың күмәнді деп тапқан тұстары сотталушының пайдасына шешілді. Сот қылмысқа қатыстылығының дәлелденбеуіне байланысты оны ақтап шықты. Студент сот залынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар