Оралда етті мал өсіру мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда етті мал өсіру мәселесі талқыланды

Оралда етті мал өсіру мәселесі талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың төрағалық етуімен «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша облыстық семинар-кеңес өтті.

  • 10 Маусым 2011
  • 630
Фото - Caravan.kz

Оның жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Гүлмира Исаева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуат Ахметов және аудан әкімдері, агроөнеркәсіп саласының мамандары, кәсіпкерлер қатысты.

Елбасы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Соған орай мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөнінде бағдарлама қабылданып, оны іске асыру жұмыстары басталды. БҚО-да да бағдарламаның жобасы қабылданып, келісілген. Оны іске асыру үшін 200 шаруа қожалығы, 4 мал бордақылау алаңы, 5 асыл тұқымды жасақтаушы шаруашылығы іске қосылуы тиіс. Алайда кейбір аудандардың атқарушы органдары бұл іске немкеттілікпен қарап отыр. Басқосуда табынның тұқымдық құрамын жақсарту, малды өз төлі есебінен өсіру, мал өнімділігін арттыру, малды бірдейлендіру, несие қаражаттарын алу және мал ауруларының алдын алу мәселелері көтерілді.

Соңғы жаңалықтар